Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды

0
98

Алматы прокуратурасының дерегінше, биыл осындай 7 іс сотқа жолдағанған, оның тертеуі бойынша үкім шыққан.


Алматыда  Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды

Фото: Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, тінту барысында 18 жастағы күдіктіден нөмірлерді ауыстыруға арналған құрылғы (SIM-Box), қазақстандық операторлардың 300-ден астам SIM-картасы және өзге де жабдықтар табылып, тәркіленген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 213-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы прокуратурасының дерегінше, биыл осындай 7 іс сотқа жолдағанған, оның тертеуі бойынша үкім шыққан.