Алматыда мопед мінген азамат коммуналдық көліктің астына түсіп, көз жұмды

0
164

Тлендиев көшесінен өткеннен кейін автобус жолағында коммуналдық қызметке тиесілі Dulevo көлігі тұрған.


Алматыда мопед мінген азамат коммуналдық көліктің астына түсіп, көз жұмды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 22 тамыз таңертең Алматыда Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады zakon.kz.

Абай даңғылының бойымен батыс бағытта, Тлендиев көшесінен өткеннен кейін автобус жолағында коммуналдық қызметке тиесілі Dulevo көлігі тұрған.

Арнайы техниканың жүргізушісінің айтуынша, ол Абай даңғылын тазалап жүрген. Тлендиев көшесінен өткеннен кейін көліктің щеткасы тұрып қалған. Осыған байланысты ол техниканы жөндеу үшін автобус жолағына тоқтаған.

Шамамен сағат 04:27-де Dulevo жүргізушісі жөндеу жұмыстарын аяқтаған кезде автобус жолағымен DongFang мопеді келе жатқан. Оның жүргізушісі автобус жолағында коммуналдық қызмет көлігінің тұрғанын соңғы сәтте ғана байқаған.

Суару жұмыстарына байланысты жолдың дымқыл болуы мопед жүргізушісіне маневр жасауға мүмкіндік бермеген. Ол көліктер ағынынан жалтармақ болып, мопедін құлатып алған. Соның салдарынан өзі арнайы техниканың астына түсіп кеткен.

Апат салдарынан 1993 жылы туған мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы және криминалист жұмыс істеп жатыр.

Олар жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталады.