Алматыда қоқыс шығаруға шыққан жасөспірім 21 күннен бері табылмай жатыр

0
274

16 жастағы жасөспірім Айдос Әкімбаев 21 күннен бері іздестіріліп жатыр.


Алматыда қоқыс шығаруға шыққан жасөспірім 21 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда 16 жастағы жасөспірім сыртқа қоқыс төгуге шығып, үйіне қайта оралмаған, деп жазады baq.kz.

16 жастағы жасөспірім Айдос Әкімбаев 21 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол 28 шілде күні таңертеңгі сағат 10:53-те Әуезов ауданы, Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс шығаруға сыртқа шыққан. Содан кейін үйіне қайтып оралмаған.

Жоғалған күні бозбаланың үстінде ақ футболка, қара шорты және қою көк түсті крокс-сланцы болған.

Полиция жасөспірімді іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.