Алматыда КамАЗ арыққа аударылып түсті

0
118

Жүргізуші жарақат алғанымен, ауруханаға жатудан бас тартқан.


Алматыда КамАЗ арыққа аударылып түсті

Фото: t.me/almatytoday

ERNUR.KZ. Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, апат 24 қарашада шамамен сағат 17:30-да болған, деп жазады inbusiness.kz.

КамАЗ жүргізушісі солтүстік бағытқа келе жатып, рөлге ие бола алмаған. Сосын тасты бордюрге соғылып, аударылып түскен.

Кеше, яғни 24 қараша күні кешкісін Алматының Шығыс айналма жолында валундар тасымалдап келе жатқан Shacman жүк көлігі қатысқан жол апаты тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға тежегіштің қызып кетуі себеп болуы мүмкін.

Жүргізуші өзге көліктермен соқтығысуды болдырмау үшін машинаны шетке бұрған. Жүк көлігі аялдаманың жанынан өтіп, біраз уақыт арықпен жүріп, кейіннен аударылып қалған.

Жүк көлігін арықтан шығаруға арналған ауыр эвакуатор оқиға орнына жеткізілді. Полиция көлік қозғалысын уақытша шектеуге мәжбүр болды.