Алматыда екі қабатты үй өртенді: ішінен мәйіт табылды

0
138

Сондай-ақ оқиға орнынан 1973 жылғы жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.


Алматыда екі қабатты үй өртенді: ішінен мәйіт табылды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 21 мамыр күні таңертең Алматыда жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:48-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Ақбұлақ шағын ауданы, Қасым Шәріпов көшесіне жіберілді.

"Сағат 06:56-да келген кезде 150 м² аумақтағы екі қабатты үйдің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды", – деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. Барлау және сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Жеке басы анықталып жатыр.


Өрт сағат 08:22-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 35 адам және сегіз техника жұмыс істеді.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ оқиға орнынан 1973 жылғы жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік апат болып, екі адамның көз жұмғандығы жайлы жазған болатынбыз.