Жол апаты салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz..
Жол апаты Әуезов ауданында сағат 12:00 шамасында болған.
"№15 бағыттағы автобус жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесімен қиылыста солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан",- деп мәлімдеді ПД.
Жол апаты салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді.


