Алматыда балалар үйі ғимараты өртеніп жатыр

0
111

Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.


Алматыда балалар үйі ғимараты өртеніп жатыр

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Анықталған ақпарат бойынша, балалар үйі ауласындағы асхана ғимаратынан өрт шыққан, деп жазады kaz.inform.kz.
Әкімшіліктің айтуынша,ғимаратта адамдар жоқ. Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Жағдай бақылауда: сөндіруге оқпандар енгізілді, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында қала ТЖД бастығы жұмысты үйлестіріп жатыр.

Төтенше зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.