Алматыда аққуға қатыгездік көрсеткен ер адам 7 тәулікке қамалды

0
128

Бақ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аққудың жағдайы жақсы, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр.


Алматыда аққуға қатыгездік көрсеткен ер адам 7 тәулікке қамалды

Фото: forbes.kz

ERNUR.KZ. Алматыдағы Бас ботаникалық бақ аумағында аққуға қатыгездік танытқан 1983 жылғы азамат бір тәулік ішінде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы мәлімдеді.

Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін бұл іс бойынша сот отырысы өтті. Сот ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

"Бұл – жануарларға қатыгездік көрсету, дөрекілік пен Бақ аумағындағы орынсыз әрекеттер үшін әрбір құқық бұзушы жауап беретінінің айқын дәлелі. Бас Ботаникалық бақ — ерекше қорғалатын табиғи аумақ, онда арнайы ережелер мен бірқатар шектеулер қолданылады", – делінген хабарламада.

Бақ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аққудың жағдайы жақсы, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр.

Мұндағы жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған. Оларға бағытталған кез келген агрессия немесе құрметсіздікке жол берілмейді. Бұл және өзге де ережелерді бұзғандар міндетті түрде жазаланады. Сондықтан Ботаникалық баққа келушілерге арналған ережелерге назар аударуды ұсынамыз.