Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Howo жүргізушісі соқтығысуды байқамай, жолын жалғастырған.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласында Howo маркалы бетон араластырғыш көлік пен Honda Dio мопедінің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады zakon.kz.
Жол апаты Қапшағай тас жолында, Алматы қаласына кіреберісте болған. Екі жүргізуші де оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.
Екі дөңгелекті көлік пен ауыр жүк көлігінің соқтығысуының нақты жағдайлары әзірге белгісіз.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Howo жүргізушісі соқтығысуды байқамай, жолын жалғастырған. Ол апат болған жерден шамамен бір шақырымдай ұзаған соң ғана тоқтаған.
Соқтығысу салдарынан мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның дулығасының түгі қалмаған.
Полиция оқиға орнында жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.