Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

0
175

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 11 маусым күні болған.


Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 11 маусым күні болған.


"Алматы - Өскемен тас жолының 75-шақырымында Hyundai H350 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.