​Алматы облысында оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырап, екі адам көз жұмды

0
112

Әлуметтік желіде тараған видеода жол апаты кезінде автобуста оқушылар болғаны айтылады.


​Алматы облысында оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырап, екі адам көз жұмды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Алматы облысында жеңіл автокөлік пен мен жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады inform.kz.

Әлуметтік желіде тараған видеода жол апаты кезінде автобуста оқушылар болғаны айтылады.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Hyundai Accent автокөлігі мен жолаушылар автобусы «Сокол» саяжайының аумағында соқтығысып қалған. Қазір аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
– Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді өңір полициясы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істі тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Айта кетейік, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жердегі автожолда жол апаты болып, 10 адам қаза тапты.