​Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыстан үш адам қаза тапты

0
142

Олардың денелері оқиға орнынан табылды.


​Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыстан үш адам қаза тапты

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.

Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты.

— Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.