Қазақстан тіс емдету қызметін дамытып, сол арқылы турист тартпақ.
Фото: © freepik.com
ERNUR.KZ. АҚШ, Германия, Иран, Ресей және ТМД елдері сияқты 37 елдің азаматтары тістерін емдету үшін Қазақстанға келіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл азаматтар Қазақстанда тісін емдетіп, пародонт тіндерін қалпына келтіріп, имплант және протез салдырған.
«Қазақстандағы стоматология – шетелдің алыс-жақын елдерінен медициналық туристерді тартатын ең қарқынды дамып жатқан медициналық салалардың бірі», - деп хабарлайды министрлік.
Айта кетейік, бүгін Алматыда алғаш рет Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының Еуропалық секциясының Пленарлық отырысы өтті. Форумға 48 елден 110 делегат қатысты. Шараға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысқан.