Алатау жобасына Оңтүстік Корея қызығушылық танытты

0
82

Ынтымақтастық бағыттары әртүрлі.


Алатау жобасына Оңтүстік Корея қызығушылық танытты

ERNUR.KZ. Былтыр Оңтүстік Кореяда өткен Alatau City мүмкіндіктерінің таныстырылымы қорытындысы туралы Қанат Бозымбаев айтып берді, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары бұл сапардың өте нәтижелі болғанын атап өтті. Соның нәтижесінде роуд-шоуға Оңтүстік Кореяның 600-ден астам ірі және орта компаниясы қатысқан. Корей кәсіпкерлері тарапынан қызығушылық әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.

Осының нәтижесінде қазір үкіметаралық келісімге қол қоюға дайындық жүріп жатыр. Спикердің айтуынша, корей тарапы екі ел арасында құқықтық көпір қалыптастыруды сұраған.

Сонымен қатар біз кореялық Hyundai Green Food компанияларының бірімен алдын ала келісімге қол қойдық. Олар біздің заңның күшіне енуін күтіп отыр. Сол кезде басым салалар, белгілі бір преференциялар айқындалады. Осыдан кейін біз оларға жер учаскесін бөліп береміз, олар да зауыт салуды жоспарлап отыр, – деді вице-премьер.

Тағы бір бағыт – білім беру саласы. Алдағы бірнеше ай ішінде Алатау қаласында жоғары технологиялар бағытындағы Оңтүстік Кореяның үздік университеттерінің бірі – KAIST-тің толыққанды кампусы пайда болуы мүмкін.

Еске салайық, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының мәртебесіне қатысты заң қаралды.