Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы жаңа өсу нүктелері – Қонаев және Алатау қалалары. Соңғы жылдары Қонаев қаласында 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр желілері және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылып, 65 нысан абаттандырылды. Бұл жайлы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
№5 Қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-ші орынды иемденді.
«Алатау қаласына келетін болсақ, қазіргі таңда 88 мың га аумақты қамтитын және 54 мың тұрғынға қызмет ететін дербес әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды. Қаланың Бас жоспары – 2050 жылға дейінгі даму бағыты бекітілді. Мемлекет басшысы бастамасымен Алатау қаласына арнайы мәртебе беру осы жұмыстарды жаңа сатыға шығарды. Бұл мақсатта Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізілді. Одан әрі, Президент Жарлығына сәйкес қаланы дамыту жөніндегі Кеңес жасақталды», – деді Алматы облысының әкімі.
Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Қала аумағында инвестициялық бағыт бойынша жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 42 жобаның тізбесі қалыптастырылды. Оның бесеуі салынып жатыр, қалғандары жобалау жұмыстарын жүргізуде.


