Alatau City-де аэротакси сынақтан өтуде. Қазақстанда 2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланып отыр.
Фото:көлік министірлігінің баспасөз қызыметі
ERNUR.KZ. Әуе кемесі сағатына 200 шақырымға дейін максималды жылдамдықты дамытуға және 200 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұшуды орындауға қабілетті деп жазады baq.kz
Alatau City-де аэротакси сынақтан өтуде. Қазақстанда 2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланып отыр.
Осы орайда Көлік министрлігі аэротакси мен қалалық әуе мобильділігінің құқықтық базасы үшін заңнамаға түзетулер пакетін әзірледі.
Alatau City-де ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас атқарушы директоры Майкл Дэниелдің, сондай-ақ «Alatau Advance Air Group Ltd» (AAAG) және «AutoFlight» компаниялары өкілдерінің қатысуымен eVTOL аэротаксиінің техникалық сынақ ұшулары өткізілді.
Аэротакси электрлі қозғалтқыштармен жұмыс істейтін инновациялық әрі экологиялық таза әуе көлігі түрі болып табылады. Әуе кемесі сағатына 200 шақырымға дейін максималды жылдамдықты дамытуға және 200 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұшуды орындауға қабілетті, бұл қалалық және өңірлік әуе мобильділігі міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз етеді.
Көлік министрлігі аталған көлік түрін енгізуге қатысушы компаниялармен бірлесіп, бір жыл бойы қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді. Осы қызмет шеңберінде аэротаксиді пайдалану және заманауи әуе мобильділігін дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірленді.
Қазіргі уақытта дайындалған өзгерістер келісу кезеңдерінен өтіп, талқылау үдерісінде жатыр, ал оларды қабылдау және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу жақын арада жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандандырылған инфрақұрылымды құру жұмыстары жүргізілуде. Вертипорттардың тұжырымдамасы мен дизайнын әлемнің түрлі елдерінде ұқсас нысандарды жобалау тәжірибесі бар халықаралық итальяндық компания әзірлеуде. 2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланған, олар қауіпсіздік, көліктік қолжетімділік және қолданыстағы инфрақұрылыммен интеграциялану талаптарын ескере отырып, стратегиялық маңызы бар қалалық және көліктік тораптарда орналастырылатын болады, - деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет Alatau City-дегі аэротакси тарифіне қатысты мәлімдеме жасады.


