Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты

0
117

Прокурор соттан айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды, ал адвокаты оны ақтауды сұрады.


Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты

фото: Stefan Schweihofer

ERNUR.KZ. Алматының Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты полиция департаменті бастығының экс-орынбасарына сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
Тағылған айып - ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік.
"Ол Zeekr жүргізушісінің ішімдік ішкенін білген және көлікті қауіпті жүргізгенін көрген, бірақ жарыстың алдын алуға тырыспаған", - дейді сотта.
Прокурор соттан айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды, ал адвокаты оны ақтауды сұрады.
Сот мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, 21 наурызда Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында үш адамның өмірін жалмаған жол апаты болды. Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі дәл қаланың ортасында жоғары жылдамдықпен жүріп қарсы бағыта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиға салдарынан Алматы полиция департаментіне де тексеру жүргізіліп, бірнеше басшы қызметінен босады.