Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жасар қыз баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

0
58

​Оқыс оқиға Мира даңғылында болды.


Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жасар қыз баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жасар қыз баланы көлік қағып кетті. Қазіргі уақытта полицейлер ген жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мира даңғылында болған. Hyundai маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан алты жастағы қызды қағып кеткен.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алды. Бүлдіршін медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алты жастағы бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде тексерілген. Дәрігерлер оның аяқ-қолында сіңір созылуы мен сызаттар бар екенін анықтап, амбулаториялық ем тағайындаған.