Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталды

0
118

Қайғылы оқиға былтыр шілдеде болған.


Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында парашютпен секірген кезде қаза тапқан курсанттың өліміне қатысты үкім жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға былтыр шілдеде болған. Ол кезде курсант Бақыт Асарбаев Ми-8 тікұшағынан шамамен 800 метр биіктіктен секірген. Алайда негізгі парашют ашылмай қалады. Кейін курсантқа берілген парашюттің талапқа сай болмағаны анықталды. Онда автоматты түрде ашылатын сақтандыру құрылғысы орнатылмаған. Бұл жағдай қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылғанын көрсетті.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында әскери әуе күштері әскери даярлық басқармасының аға офицері Нұржан Айденов пен взвод командирі Заманбек Төлеген жауап берді. Олар үкім шыққанға дейін үй қамақта болды. Тек нақты жаза кесілгенде ғана сот залынан қамауға алынды. Бірі төрт жарым жыл, екіншісі бес жыл бостандығынан айрылды.