Ақтөбеде қарызын өтеу үшін бүйрегін сатқан жігіт сотталып жатыр

0
213

Сотта ер адам бұл қадамға қарыздарын өтеу үшін барғанын мойындады.


Ақтөбеде қарызын өтеу үшін бүйрегін сатқан жігіт сотталып жатыр

Фото: Orda.kz

ERNUR.KZ. Қарағандылық жігіт берешегінен құтылу үшін бүйрегін 15 миллион теңгеге сатпақ болған, деп жазады Orda.kz.


Қарағандылық тұрғын көктемде ұсталған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2025 жылдың сәуірінде Данияр Telegram-арнасында бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Бастапқыда ол 20 миллион теңге сұраған, бірақ кейін 15 миллионға келісімін берген. Оның ұсынысына Ақтөбе тұрғыны жауап берген.

“Сатып алушы 22 сәуірде билет сатып алып берген. 28 сәуірде Данияр Ақтөбеге келіп, сатып алушы жалға алған пәтерде тұрған. 30 сәуірде екі жақ кездескен”, — деді прокурор.

Данияр медициналық тексерістен өтіп, ақшаның бір бөлігін — 7,5 миллион теңгені алған. Алайда ол 30 сәуір күні ұсталып, келісімді соңына дейін жеткізе алмады.

Сотта ер адам бұл қадамға қарыздарын өтеу үшін барғанын мойындады. Айыпталушының жұмыссыз екені белгілі болды. Әйелімен ажырасып кеткен ол екі жастағы баласын өзі тәрбиелеп отыр.