Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды

0
685


Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды

Фото: Екатерина Голотина ұсынған

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды. Белігілі болғандай, оны өлтіріп кеткені анықталып, полицейлер күдіктіні ұстады, деп жазады stan.kz.

Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары полицияға 23 мамырда үйден шығып, оралмағанын айтып шағымданған. Кейінірек іздеуге еріктілер де қосылды.

“Ақтөбе қаласында бұрын хабар-ошарсыз кеткен 1956 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу мүддесі үшін басқа да мәліметтер жария етілмейді”,-деді облыстық полиция департаменті.