Ақтөбеде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

0
214

Алдын ала мәлімет бойынша, бала шомылуға арналмаған орында белгісіз жағдайда суға батып кеткен.


Ақтөбеде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін Елек өзенінен алып шықты, деп жазады sputnik.kz.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне биыл 8-сыныпқа көшкен оқушы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД қызметкерлері, оның ішінде дрон және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.

"Арада үш сағаттан астам уақыт өткенде баланың денесі судан шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала шомылуға арналмаған орында белгісіз жағдайда суға батып кеткен", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау және шомылуға арналмаған орындарда суға түспеу туралы ескертті.