Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

0
115

​Оның денесі тек бір күннен кейін табылды.


Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

Фото: reepik.com

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында болған. Жасөспірім сайда шомылмақ болған, бірақ одан шыға алмай қалған. Оның денесін құтқарушылар тек бір күн өткен соң 23 шілде күні таңертең алып шыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство тұрғындарды суға шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертті.