Ақтаудағы онкологиялық орталықтың маңынан ер адамның мәйіті табылды

0
114

Оқиға таңертең болған.


Ақтаудағы онкологиялық орталықтың маңынан ер адамның мәйіті табылды

Фото: intagram/911.aktau

ERNUR.KZ. Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі онкоорталықтың жанында, аялдама маңында жатқан. Жергілікті тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабар берген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның көшеде кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.

"Ер адам көз жұмды. Ол бейімдеу орталығында тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр", – делінген ПД хабарламасында.

Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.