Ақтаудағы мектептердің бірінде батарея жарылды

0
94

Оқу кабинеттері мен жылу жүйесі қазір қалыпты жағдайда тұр.


Ақтаудағы мектептердің бірінде батарея жарылды

фото: сайт премьер-министра Казахстана

ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы IT мектеп-лицейінде жылу батареясы жарылды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 21 қаңтарда болған.
"Үзіліс кезінде қазақ тілі блогының дәлізіндегі жылу жүйесінің батареясы жарылды. Салдарынан ыстық су төменгі блокқа тарады", - дейді білім басқармасында.
Оқу кабинеттері мен жылу жүйесі қазір қалыпты жағдайда тұр. Су кеткен блоктағы сабақтар басқа блоктарға көшіріліп, оқу процесі жалғасты.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру және ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші ауысым сабақтары штаттық режимде жүріп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ, дейді басқармада.