Ақтауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен тұрғын табылды

0
74

Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.


Ақтауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен тұрғын табылды

Андрей Сотниченко. Таныстары ұсынған сурет

ERNUR.KZ. Ақтауда бір аптадан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылынан табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, жоғалып кеткен тұрғынды 4 наурызда түнгі сағат екіде майор Бауыржан Айбеков тапқан. Ер адам аман-есен болып шықты, ол ауылға жұмыс істеуге кеткен. Қазіргі уақытта Андрей Сотниченко Ақтауға жолға шыққан.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқап, құтқарушылар мен полицейлерді шақырған.

Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.

"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерді желдетуге қалдырғандай көрінеді. Мұнда оның туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр", – деді таныстарының бірі.