Ақтауда шолу шеңбері сатылымға қойылды

0
137

Әзірге аттракцион қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.


Ақтауда шолу шеңбері сатылымға қойылды

Фото: yandex.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда "Ақбота" саябағындағы шолу шеңбері 35 миллион теңгеге сатылымға қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

Аттракцион "Ақбота" саябағында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда жер телімін жалға алу мерзімі аяқталған, әрі саябақ аумағында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шолу шеңбері 35 миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Қазіргі уақытта сатып алушылар жоқ. Хабарландыруды кеше ғана бердік. Бұл ұсыныс кәсіпкерлер мен инвесторларды қызықтыруы мүмкін деп ойлаймыз", – деді айналма дөңгелек иесі.

Оның айтуынша, айналма дөңгелектің техникалық жағдайы жақсы әрі адамдарды қабылдап жатыр. Барлық қажетті рұқсат құжаттары да бар. Әзірге аттракцион қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.