Ақтауда пышақ ұстаған ер адам жанармай бекетін тонап кетті

0
195

​Күдікті бір сағат ішінде ұсталды.


Ақтауда пышақ ұстаған ер адам жанармай бекетін тонап кетті

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында жанармай бекетін тонаған күдікті ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Түнгі уақытта автожанармай бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақпен қауіп төндіріп, ақша талап етті. Ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кетті», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.