​Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

0
112

Қазіргі уақытта жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


​Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында полицейлер жасөспірімді ажалдан арашалап қалды, деп жазады inform.kz.

Polisia.kz мәліметінше, бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.
Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.