Ақтауда мүгедек жандарды күштеп қайыр сұратқан отбасы сотталып кетті

0
126

​Ақтауда «қайыр сұрау» арқылы табыс тапқан «отбасылық бизнес» әшкереленді.


Ақтауда мүгедек жандарды күштеп қайыр сұратқан отбасы сотталып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында мүгедек жандарды күштеп қайыр сұратқан үш адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақтау қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру) және 128-бабы (Адамды қанау) бойынша үш адамды кінәлі деп танып, әрқайсысын 7 жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы Қарағанды қаласынан аяғы жоқ екі мүгедек азаматты алдап әкеліп, әуелі Семейде, кейін Ақтауда қайыр сұрауға күштеп мәжбүрлеген.

Жәбірленушілер жергілікті базарларда қайыр сұрап, тапқан ақшасын толығымен сотталғандардың қолына өткізген. Бұл – олардың күнкөріс көзіне айналған «отбасылық бизнес» болған.

Олардың қашуға әрекеттенгені үшін қорқытып, психологиялық және физикалық қысым көргені анықталды. Бұл жағдайды 2024 жылдың наурызында жәбірленушілердің бірі полицияға хабарлап, қылмыстық істің ашылуына жол ашқан.