Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты

0
350


Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты

© Photo : пресс-служба МВД Казахстана

ERNUR.KZ. Ақтауда 24 жастағы мотоциклші жылғыға соғылып қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан

Қайғылы оқиға "Rixos" отелінің маңында болған. Мотоцикл тізгіндеген 24 жастағы жігіт кенеттен жолға атып шыққан жылқыға соғылған. Үй жануары сол жерде мерт болды, ал мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақаттардан көз жұмды.

"Оқиға орнына барған басқа мотоциклшілер жол апатына түскен көлік құралының панелін тауып алды. Соған қарағанда қайтыс болған ер адам алтыншы жылдамдықпен жүрген. Ал қозғалтқыштың айналымы 8 000 болған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін автомобилистер демалыс базаларына апаратын жолдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені талай рет көтерген.

Атап айтқанда, жолдың бойында қоршау жоқ. Ал айналасында үй жануарлары емін-еркін жүреді. Арнайы белгілер де орнатылмаған. Соның салдарынан жол апаттары жиі болып тұрады.