Марқұмның жасы 33-те болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақтауда полицияға 33 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Іздеу шаралары барысында оның денесі табылып, мәйіттен зорлықпен өлтіру белгілері анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сәйкес, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған болуы мүмкін.
«Күдіктілердің жеке тұлғалары анықталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов оқиға орнына өзі барып, тергеу барысын ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.


