27-шағын аудандағы 4-үйде жоғары қабаттардың бірінен әйел құлап, қоқыс жәшігіне түскен.
Фото: Pexels
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 29 шілдеде сағат 19:00 шамасында болған, деп жазады inform.kz.
27-шағын аудандағы 4-үйде жоғары қабаттардың бірінен әйел құлап, қоқыс жәшігіне түскен. Айта кетейік, аталған үй 9 қабатты.
Тұрғындар жантүршігерлік жайттан шошынып қалғандарын айтады. Марқұм қою көк түсті арнайы формаға ұқсас киім киген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
— Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, — делінген хабарламада.