Әйел адамның эпилепсиямен ауырғаны белгілі болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы 28-шағынауданда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен әйел адам құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 16 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. №35 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен әйел адамның құлап кеткені белгілі болды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен адамның жеке басы анықталған. Ол – 34 жастағы жергілікті тұрғын. Оқиға кезінде пәтерде одан басқа ешкім болмаған.
Белгілі болғандай, әйел эпилепсиямен ауырады. Құлағаннан кейін ол тірі қалып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


