Ақтауда аттракционда екі бала жарақат алды

0
177

Оқыс жағдай қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған.


Ақтауда аттракционда екі бала жарақат алды

© Public Domain

ERNUR.KZ. Ақтауда аттракционда екі бала зардап шекті, деп жазады Lada.kz.
Оқиға 4 қыркүйек күні кешке болған.
"Аттракционда екі бала жарақат алып, біреуі ауруханаға жатқызылды, екіншісі дәрігерлер тексергеннен кейін үйге жіберілді", - деп жазды басылым.
Маңғыстау облысының полиция департаменті ТЖ фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Ғимараттарды, құрылыстарды немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Аттракцион іске қосылғанда Газель көлігі тұрған, балалар соған соғылған.
Қала тұрғындарының айтуынша, аттракцион келесі күні штаттық режимде жұмысын жалғастырған.