Ақтауда 8 жасар балаға оқ атылды: қылмыскер әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр

0
133

Оқыс оқиға биыл 12 мамырда болған.


Ақтауда 8 жасар балаға оқ атылды: қылмыскер әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақтауда полицейлер сегіз жасар балаға оқ атқандар әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр. Полицейлер көрші үйдің балконынан жасалған болуы мүмкін екенін мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маңғыстау облыстық ІІД өкілі Әлия Шермағамбетованың айтуынша, бала жарақат алған оқиға бойынша ҚР ҚК 257-бабының 3-бөлігі (қару қолдана отырып жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында көпқабатты үйлердің барлық тұрғыны сұралғанымен, әзірге күдіктілер де, оқиғаны көрген куәгерлер де табылған жоқ. Оқтың нақты қай жерден атылғанын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 12 мамырда белгісіз адам пневматикалық қарудан сегіз жасар балаға оқ атқан. Жараланған баланы 22-шағынаудандағы 6-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғындар байқап қалған. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, хирургтар оның өкпесінен оқты алып шықты.