Ақтауда 3 жастағы баланың үстіне 50 келілік аттракцион бөлігі құлады

0
121

Полиция бұл деректі тіркеп, тексеріс жүргізуде.


Ақтауда 3 жастағы баланың үстіне 50 келілік аттракцион бөлігі құлады

Фото: Nurken Alishev
ERNUR.KZ. Ақтаудағы "Apollo" балалар ойын-сауық орталығында 50 келі салмақтағы қарсы салмақ (противовес) 3 жастағы баланың үстіне құлады, деп жазады BAQ.KZ.

Баланың анасы Айгүл Бисембаеваның айтуынша, ауыр конструкция ешқандай бекітусіз тұрған және ол электр қалқанын (электрощит) жасырмақ болған. Сыртынан жұмсақ матамен қапталғанымен, ішінде көлемді темір блок болған.

“ Қарсы салмақ мүлде бекітілмеген. Өзім көтеріп көруге тырыстым, бірақ ол тым ауыр болып шықты “, – дейді анасы.

Оқиғадан кейін бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Рентген сүйектерінде сынық жоқ екенін көрсетті, дегенмен баланың аяғы ауырып тұр. Дәрігерлер оған МРТ тағайындады.

Полиция бұл деректі тіркеп, тексеріс жүргізуде. Сондай-ақ іс материалдары Ақтау әкімдігіне жолданатын болады.