Ақтау-Шымкент рейсінде бомба барын айтқан балалы әйел 5 жылға дейін сотталмақ

0
150

Оқиға Ақтау-Шымкент рейсінде болған. Рейске 200-ге жуық жолаушы мінген.


Ақтау-Шымкент рейсінде бомба барын айтқан балалы әйел 5 жылға дейін сотталмақ

Фото: people.com
ERNUR.KZ. Ақтау әуежайында сәбиі бар келіншек Шымкентке ұшып бара жатқан ұшақ бортында бомба барын айтқан. Нәтижесінде SCAT әуе компаниясының ұшағын шұғыл эвакуациялауға тура келген, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Ақтау-Шымкент рейсінде болған. Рейске 200-ге жуық жолаушы мінген.

Ресми мәліметке сәйкес, 1998 жылы туған әйел ұшаққа мінген соң жарылғыш зат барын хабарлаған. Экипаж бірден жолаушылар мен экипаж мүшелерін түсіру туралы шешім қабылдаған. Арнайы қызмет ұшақ пен багажды бес сағаттан астам уақыт тексерген. Оқиға орнына бомба мамандары мен төтенше жағдайлар қызметі келәп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.

Рейстегі басқа жолаушылардың сөзінше, әйел абдырап, эмоционалды күйзелісте тұрған. Олардың айтуынша, әйел қатты күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін.

Көлік полициясы басқармасы оқиғаны растады. Әйел ұсталып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енд3 ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр. Әзірге басқа мәліметтер жарияланған жоқ.