Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қазақстан тергеу есебін 2025 жылдың соңына дейін жариялайды

0
130

Көлік министрлігі есепті "толықтай" жариялауға уәде берді.


Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қазақстан тергеу есебін 2025 жылдың соңына дейін жариялайды

фото: МЧС Республики Казахстан

ERNUR.KZ. Қазақстан Ақтау әуежайы маңындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатын тергеу туралы есепті 2025 жылдың соңына дейін жариялайды, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр", - деді вице-министр.
Вице-министр үш айлық тергеуден кейін алғашқы алдын ала нәтижелерді тиісті комиссия толық ұсынғанын еске салды.
"Қазіргі уақытта күрделі сараптамалар мен қиын жұмыстарды қамтитын тереңірек тергеу жүргізіліп жатыр. Алдыңғы есеп сияқты бұл да аяқталғаннан кейін толықтай жарияланады", - деді Қалиақпаров.
Дегенмен, ол тергеу есебін жариялаудың нақты күнін айта алмады.

Ақтау маңындағы апат

Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL Airlines компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады.

Бортта 67 адам болды: 62 жолаушы және бес экипаж мүшесі, Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары. Отыз сегіз адам көз жұмды.