Ақтау гарнизонындағы трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады

0
122

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.


Ақтау гарнизонындағы трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.
"Жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша 24 қыркүйек күні ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы көз жұмғаны анықталды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.