Сапар аясында бірлескен жобалардың болашағы мен елдер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланады.
Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Чехия премьерінің ресми сапары Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және өзге де салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, бірлескен жобалардың болашағы мен елдер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Бір күн бұрын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишпен келіссөздер жүргізген болатын.
Тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік, цифрландыру және гуманитарлық байланыстар сияқты бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық келешегін талқылады.


