Ақмола облысында шизофрениямен ауыратын адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген

0
123

Заң бойынша психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалмауы керек.


Ақмола облысында шизофрениямен ауыратын адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Ақмола облысында бұрын сотталған және психикалық ауытқуы бар адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген, деп жазады sputnik.kz.
Адам өлтірген және өзге де қылмыстар үшін сотталған адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген. Заң бойынша психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалмауы керек.
"Әрекетке қабілетсіз екі тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болған. Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде "шизофрения" диагнозы қойылған азамат тағайындалған", - дейді ведомство.
Сондай-ақ уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылдамаған.
"Облыста қайтыс болған 28 адам әлі де "әрекетке қабілетсіз" санатындағы есепте тұрған", - дейді прокуратура.