Ақмола облысында құтқарушылар жарылыстың алдын алды

0
150

​Өрт сөндірушілер жалын шарпыған гараждан баллондарды алып шықты.


Ақмола облысында құтқарушылар жарылыстың алдын алды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Софиевка ауылында 23 наурыз күні таңертең жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған гаражда өрт шықты. Бұл туралы өңірлік ТЖД мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің аумағы 150 шаршы метрді құраған. Жалынды сөндіру кезінде өрт сөндірушілер от шарпыған ғимараттан газ баллондарын дер кезінде алып шыға алған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері бірден өртті сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында қауіпті аймақтан 5 газ баллоны мен 1 көмірқышқыл баллоны шығарылды. Соның арқасында жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ құтқарушылар гараждан жеңіл автокөлік пен квадроциклді уақытылы шығарып, олардың отқа орануына жол бермеді, – делінген хабарламада.

Өрт жедел түрде толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.