Ақмола облысында құс фабрикасының жұмысшылары хлордан уланды

0
125

Макинск құс фабрикасында жаппай улану тіркелді.


Ақмола облысында құс фабрикасының жұмысшылары хлордан уланды

Фото: АШМ

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы «Макинск құс фабрикасында» өндіріс цехтарын жуу кезінде алты қызметкер хлор буынан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдеріжеткен. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтуде.

Бір жұмысшы қауіпсіздік ережесін бұзған

Полиция мәліметінше, уланудың басты себебі – жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы.

«Макинск құс фабрикасының 24 жастағы жұмысшысы цехты хлормен жуу кезінде респираторлық маскасын өз еркімен шешіп тастаған. Кейін ол улану белгілерімен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта фабриканың алты қызметкері осындай белгілермен емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген департаменттің хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • Хлор қоспасы қолданылған су арқылы цех жуылған
  • Қызметкерлердің алтауы улану белгілерімен тіркелді
  • Қауіпсіздік техникасы сақталмағаны анықталды
  • Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Хлор буының қаупі қандай?

Хлор – тұрмыстық және өндірістік тазарту кезінде жиі қолданылатын улы зат. Ол суға қосылғанда дезинфекциялау қасиетіне ие, алайда:

  • Бу түріндегі хлор тыныс жолдарын зақымдайды
  • Көзге, теріге тітіркендіргіш әсер етеді
  • Үлкен көлемде тыныс алғанда – тыныс жетіспеушілігіне, улануға әкеледі.

Сондықтан қорғаныс құралдарын пайдалану – міндетті талап. Фабрика жұмысшысы қауіпсіздік ережесін бұзып, респираторлық маскасыз жұмыс істеген. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.