Ақмола облысында №7 мектеп қазандығы жарылып, өрт шықты

0
85

Өрт сөндірушілер көлемі 10 текше метрден тұратын екі отын резервуарын аман сақтап қалып, өрттің көршілес нысандарға таралуына жол бермеген.


Ақмола облысында №7 мектеп қазандығы жарылып, өрт шықты

Фото: Ақмола облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Щучинск қаласындағы №7 мектептің қазандық ғимаратында қазан жарылып, өрт шықты, деп жазады stan.kz.

Ақмола облысының Щучинск қаласында №7 орта мектептің аумағында орналасқан жеке тұрған қазандық ғимаратында қазан жарылып, соның салдарынан өрт шықты.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер көлемі 10 текше метрден тұратын екі отын резервуарын аман сақтап қалып, өрттің көршілес нысандарға таралуына жол бермеген.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазанның жарылу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласында бес қабатты үйдегі пәтерлерінде өрт шығып, өртті сөндіру кезінде жойқын жарылыс болғанын жазған едік. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода өрт сөндірушінің терезе арқылы пәтерге кіріп жатқан сәті көрінеді. Дәл осы кезде жойқын жарылыс болады. Абырой болғанда, өрт сөндіруші аман қалған.