Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

0
131

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.


Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 13 желтоқсанда Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 94-95 шақырымында болды. Жеті көлік жаппай соқтығысқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.