Әке-шешесінің үш қолы бар: Петропавлдағы «біртүрлі» баннер суретшінің ерекше идеясы болып шықты

0
157

Яғни, суретші әуел баста адамдарға үш қол салып қойған, деп сендірмек болды әкімдік.


Әке-шешесінің үш қолы бар: Петропавлдағы «біртүрлі» баннер суретшінің ерекше идеясы болып шықты

Фото: Петропавл қаласындағы баннер

ERNUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде Петропавл қаласының қақ ортасындағы «біртүрлі» баннердің суреті тарап кетті. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған баннердегі әйел мен ер адамның үш қолы бар болып шыққан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, биыл қыркүйек айында қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы ашылған екен. Баннер орталықтың жанында ілініп тұр.

«Орталықтың қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық көмек көрсетуге және қолдау білдіруге бағытталған. Бұл қателік емес, автордың көркемдік шешімі. Дизайнер осылайша отбасының көпқырлы міндеттері мен оны қорғау идеясын бейнелеуді көздеген», - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алайда, әкімдіктің өзі мойындап отырғандай, автордың бұл көркемдік шешімін «қоғам дұрыс түсінбей қалған».

«Алайда автордың көркемдік идеясын қоғам басқаша қабылданғандықтан, баннерді демонтаждап, орнына жаңасын орнату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі.