Air Astana ұшағының бүкіл дәретханасы істен шығып, ұшқыш Бейжіңге қонуға мәжбүр болды

0
114

​Ұшақ Сеулден Астанаға қарай бет алған еді.


Air Astana ұшағының бүкіл дәретханасы істен шығып, ұшқыш Бейжіңге қонуға мәжбүр болды

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Бүгін, 8 қаңтар күні Сеул-Астана бағытында ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC210 рейсі шұғыл түрде Бейжіңге қонуға мәжбүр болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұшақ техникалық ақауларға байланысты, дәлірек айтсақ, ұшақ ішіндегі дәретханалардың бәрі істен шыққан соң, басқа елдің әуежайына қонуға мәжбүр болған.

«Ұшақ сағат Сеулден 09:25-те ұшып шығып, Бейжің уақытымен 11:50-де Бейжіңге қонуға мәжбүр болды. Әуе компаниясының мамандары дәретханаларды жөндейтін қосалқы құралдар келе сала оны жөндейді. Рейс жергілікті уақыт бойынша 01:00-де қайта ұшады», - деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.