Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

0
146

Ол құрылыс және өнеркәсіп саласын қадағалайтын болады.


Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Ол премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Ол құрылыс және өнеркәсіп саласын қадағалайтын болады.

Нұрлан Ұранхаев 2022 жылы жаңа құрылған Абай облысының алғашқы әкімі болды. 2025 жылдың 14 ақпанына дейін осы лауазымды атқарды.

Қызметтік жолы:

1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

1982-1987 жж Қазақ политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

1998-2001 жж Қазақ қаржы-экономикалық институтын "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жж Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-құрылысшы"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987-1990 жж "Казпромтехмонтаж" тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің Слесарь-монтаждаушысы, шебері, прорабы;

1990-1995 жж "Зергер" өнеркәсіптік-қаржы корпорациясының директоры, Бас директоры, Президенті ;

1995 ж "Аққұс" АҚ Президенті;

1995-1997 жж "Сары-Арқа" АҚ сенімді басқарушысы;

1997-2001 жж "Сұңқар" ЖШС президенті;

2001-2003 жж "Казиркутсклес" ақ бірлескен кәсіпорнының бас директоры;

2003-12. 2003 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы;

01.2004-02.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы;

02.2005-09.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті күрделі құрылыс басқармасының бастығы;

10.2005-01.2006 жж Күрделі құрылыс басқармасының бастығы - Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары;

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

03.2007-02.2008 жж Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары;

05.01.2008-2009 жж Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2009 ж Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ();

2005.2009-06.2010 жж"Ертіс "ӘКК "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

06.2010-02.2013 жж Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

2014-2015 жж Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары;

03.2015-09.2017 жж "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры;

09.2017-2018 жж Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

05.2019 ж бастап Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

2022 жылы 11 маусымнан бастап 2025 жылдың 14 ақпанына дейін Абай облысының әкімі.