Абай облысында атқа мінген полицей иен даладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

0
84

​Бала таңертең есік алдында ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен.


Абай облысында атқа мінген полицей иен даладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бүгін Абай облысы Ақсуат ауданында үш бала жоғалып кеткен. Есік алдында ойнап жүрген бала ата-анасы мен туыстарына байқатпай, ауыл ішіне, одан әрі жазыққа кетіп, адасып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, арыз түсе сала, полицияның бүкіл құрамы аяғынан тік тұра, баланы іздеуге шыққан.

«8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды. Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

Полиция департаментінің аттағы қызметкері иен даладан баланы көріп, бірден сол жаққа бет алған.

«Аттағы полиция оқиға орнына жетіп, баланы аман-есен тауып алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.